2021 жылғы 12 мамыр ДДСҰ сарапшыларымен кездесу бойынша Пресс-релиз

2021 жылғы 12 мамырда М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығында ДДСҰ сарапшылары Джоанна Зветьенга мен Александр Джагупаровтың АҚИҰҒО басшылығымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында АҚИҰҒО бас директоры Т. К. Ерубаев ДДСҰ-ға 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында ИСО 15189 «Медициналық зертханалар, сапа мен құзыреттілікке қойылатын жеке талаптар» стандарты аясында тренингтер ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Директор ДДСҰ ұйымдастырған тренингтер біздің мамандарға зертханаларда сапа менеджментін енгізу бойынша қажетті білім бергенін, бұл қажетті дағдыларды одан әрі дамыту және жаңа білім алу үшін жақсы іргетас болып табылатынын атап өтті және оқыту жалғастырылып, біздің мамандар неғұрлым кең және терең білім ала алады деген үміт білдірді.

Сондай-ақ, тараптар бірқатар басқа, оның ішінде АҚИҰҒО-ны ДДСҰ-мен оба және тырысқақ бойынша коллаборатор орталығы ретінде қалпына келтіру, ынтымақтастық туралы екі жақты меморандум жасасу, сондай-ақ тәлімгерлік бағдарламасы және зертханаларда сапа менеджменті жүйелері шеңберінде мамандарды оқыту бойынша бірлескен жұмыс жоспарын құру сияқты мәселелерді талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша ДДСҰ елдік кеңсесінің өкілдері мамандарды оқытуға және кездесу барысында көтерілген басқа да мәселелер бойынша көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

 

Национальный научный центр особо опасных инфекций
Алматы қаласы,
Жаһангер көшесі, 14

Сайтқа барлық құқықтары мен мазмұны қорғалған. Сайт AlmatySite.kz желісінде құрылды