2021 жылғы 27 мамырдағы Халықаралық онлайн-конференция өткізу бойынша ПРЕСС-РЕЛИЗ

2021 жылғы 27 мамырда «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) өкілдігінің және Бундесвер микробиология институтымен бірлесіп «Аса қауіпті және әлеуметтік маңызы бар жұқпалы аурулар» атты халықаралық онлайн-конференция ұйымдастырды. Конференцияда  қатысушылардың «Берлиннен Бейжіңге дейін» кең ауқымы таныстырылды, онда іс-шараға Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Германия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Ресей елдерінің эпидемиология саласындағы жетекші ғалымдары мен сарапшылары қатысты. Эпидемиология саласындағы сарапшылардың онлайн форматтағы «дөңгелек үстелде» кездесуі аса қауіпті инфекциялармен, COVID-19-бен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту, ғылыми алмасуды және инфекциялық ауруларға қарсы іс-қимыл бойынша әріптес елдердің ұлттық әлеуетін дамыту мақсатында өткізілді.

Іс-шараға 100-ден астам ғалымдар мен сарапшылар қатысты, онда конференция спикерлері болып әр елдің жетекші ғалымдары сөз сөйледі: профессор, м.ғ.д., Ерубаев Т. К. (Қазақстан); доктор Лукас Пейнтер (Германия); профессор Джинхуа Сяо (Қытай); профессор Иминг Бао (Қытай); профессор Жу-Фенгсяй (Қытай); м.ғ.к. Карнаухов И.Г (Ресей); м.ғ.к. Куликалова Е.С.(Ресей); м.ғ.к. Дугаржапова З. Ф. (Ресей); PhD Н.А.Туребеков (Қазақстан); м.ғ.к. Избанова У.А. (Қазақстан).

Аталған конференция биоқауіпсіздік саласындағы ғалымдар үшін өздерінің ғылыми ізденістерінің нәтижелері туралы хабардар ету, олардың зерттеу саласына байланысты туындайтын проблемаларды талқылау және шешу, сондай-ақ ынтымақтастықты жолға қою үшін тұғырнама болып табылды.

Национальный научный центр особо опасных инфекций
Алматы қаласы,
Жаһангер көшесі, 14

Сайтқа барлық құқықтары мен мазмұны қорғалған. Сайт AlmatySite.kz желісінде құрылды