2021 жылғы 28 қазанындағы «Пайда болатын және қайта пайда болатын эпидемиялық ауруларды басқарудың кешенді стратегиясы»атты халықаралық онлайн-конференциясы

2021 жылғы 28 қазанында М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялардың Ұлттық ғылыми орталығы Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) өкілдігі мен Бундесвер микробиология институты бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «пайда болатын және қайта пайда болатын эпидемиялық ауруларды басқарудың кешенді стратегиясы» халықаралық онлайн-конференциясын ұйымдастырды.

Бұл конференцияға Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Өзбекстан эпидемиологиясы саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ ДДҰ, ХҒТО, ЕО ХББО және CDC сияқты жетекші халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысты.  Конференцияға институттардың ғалымдары мен сарапшыларынан басқа практикалық денсаулық сақтау мамандары да қатысқандығын айта кету керек.

Бұл осы жылдағы М.Айқымбаев атындағы ҰҒООИ мен GIZ-дің ұйымдастыруындағы үшінші халықаралық конференция. Эпидемиология саласындағы сарапшылардың онлайн форматтағы кездесуі аса қауіпті инфекцияларды таратпаудағы бірлескен күш-жігерді нығайту, жинақталған тәжірибені одан әрі табысты пайдалану мақсатында интернационалдандыру, жаңа білім алу және инфекциялық ауруларға қарсы іс-қимыл бойынша әріптес елдердің ұлттық әлеуетін дамыту мақсатында өткізілді.

Іс-шараға 100-ден астам ғалымдар мен сарапшылар қатысып, конференция спикерлері ретінде әртүрлі елдер мен халықаралық ұйымдардың жетекші ғалымдары сөз сөйледі. Атап айтқанда, ДДҰ төтенше жағдайларға дайындықты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Себастиен Когнат; PhD, ХҒТО бағдарламасының менеджері Хендрик Виссер; PhD, «биоқауіпсіздік бойынша Герман-қазақстандық ынтымақтастық» жобасының менеджері Лукас Пейнтнер; Каид-и Азам университетінің профессоры Рани Фарял (Пәкістан); Омск табиғи-ошақты инфекция ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессоры Рудаков Николай Викторович; CDC эпидемиологы Бумбуриди Екатерина; Пастер атындағы Санкт-Петербург эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының профессоры Кафтырева Лидия Алексеевна; м.ғ.к., Қазан эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Решетникова Ирина Дмитриевна және басқалар қатысты.

Аталған конференция аса қауіпті зооноздық инфекциялар мониторингінің және халықтың биоқауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу алаңына айналды.

Материалдар мына сілтеме бойынша:https://drive.google.com/drive/folders/10N68AyFddnvITwPl6x03ynzSeEKLVdTD?usp=sharing

 

Национальный научный центр особо опасных инфекций
Алматы қаласы,
Жаһангер көшесі, 14

Сайтқа барлық құқықтары мен мазмұны қорғалған. Сайт AlmatySite.kz желісінде құрылды