2021 жылдың 30-шы шілдесінде өткен Халықаралық онлайн-конференция бойынша пресс-релиз

2021 жылғы 30 шілдеде М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) өкілдігімен және Бундесвер микробиология институтымен бірлесіп «Қан ұюы бұзылған инфекциялық аурулар: вирустық геморрагиялық қызбалар, жайылған бактериоздар, COVID-19» халықаралық онлайн-конференциясын ұйымдастырды.

Конференцияға Әзірбайжан, Белоруссия, Германия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Өзбекстан эпидемиологиясы саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшылар, сондай – ақ халықаралық ұйымдар-ДДҰ, ХҒТО және ХБРЯ ЕО озық тәжірибе орталықтары қатысты.

Бұл биылғы жылы АИҰҒО мен GIZ ұйымдастырған екінші халықаралық конференция. Эпидемиология саласындағы сарапшылардың онлайн форматтағы кездесуі аса қауіпті инфекциялармен, COVID-19-мен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту, ғылыми алмасуды және инфекциялық ауруларға қарсы іс-қимыл бойынша әріптес елдердің ұлттық әлеуетін дамыту мақсатында өткізілді.

Іс-шараға 50-ден астам ғалымдар мен сарапшылар қатысты, онда конференция спикерлері ретінде әр түрлі елдер мен халықаралық ұйымдардың жетекші ғалымдары сөз сөйледі: ДДҰ техникалық офицері Абоуали Мустафа; PhD, ХҒТО бағдарламасының менеджері Хендрик Виссер; профессор Табынов К.К. (Қазақстан); Каид-и Азам университетінің профессоры Рани Фарьял (Пәкістан); профессор Амвросьева Т.В. (Белоруссия); ғылым магистрі Эдит Вагнер (Германия); Иркутск НИПЧИ ғылыми қызметкері Киселева Н. О. және «Микроб» РосНИПЧИ Чумачкова Е. А. (Ресей) және басқалар.

Аталған конференция биоқауіпсіздік саласындағы ғалымдар үшін өздерінің ғылыми ізденістерінің нәтижелері туралы хабардар ету, олардың зерттеу саласына байланысты туындайтын проблемаларды талқылау және шешу, сондай-ақ ынтымақтастықты жолға қою үшін тұғырнама ретінде қызмет етті.

Национальный научный центр особо опасных инфекций
Алматы қаласы,
Жаһангер көшесі, 14

Сайтқа барлық құқықтары мен мазмұны қорғалған. Сайт AlmatySite.kz желісінде құрылды