Covid-19

Сәлеметсіз бе! Алматы қаласында орналасқан, Орталық Азия аймағы бойынша 3-ші қорғаныс деңгейлі, заманауи жалғыз референс-зертханасы бар, ҚР ДСМ «М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК адам ағзасында COVID-19 вирусының болуына,  меншікті әзірленген ПТР -тесттерді  қолдана отырып, зерттеу (талдау және диагностикалау) жүргізетіндігі туралы хабарлайды. Зерттеу үшін қолданылатын тест жүйесі адам ағзасында SARS-CoV-2 коронавирусының болуын анықтайды.

Зерттеу құны: — 6 500 теңге / 1 талдау (жеке тұлғалар үшін); — 7 500 теңге / 1 талдау (заңды тұлғалар үшін, ҚҚС-ты ескере отырып). Төлем шарттары — келісімшарт шеңберінде алдын-ала төлем (заңды тұлғалар үшін). Төлем нысаны — қолма-қол емес (заңды тұлғалар үшін), қолма-қол (жеке тұлғалар үшін); Зерттеу әдісі — зертханалық; Зерттеу нәтижелерін беру мерзімі материал алынған кезден бастап келесі күн; Сынама алу әдісі — мұрын-жұтқыншақ қуысынан жағынды алу. ПТР-талдау нәтижесінің дайындығы туралы хабарлама (sms)  ұялы телефонға жіберіледі, нәтижені Saqbol мобильді қосымшасында хабарламада көрсетілген 10 таңбалы кодты (тапсырыс нөмірін) енгізу арқылы тексеруге болатындығы туралы хабарланады. Saqbol мобильді қосымшасын жүктеу сілтемелері Play market-те http://bit.do/saqbol, App Store http://bit.do/iossaqbol сілтемелері бойынша қол жетімді.

Биоматериалды алу тобының Сіздің кәсіпорныңыз орналасқан жерге орналастыру мүмкіндігі (кемінде 15 адамнан жағынды алған кезде, Алматы қ. ішінде), қызмет көрсетуге келісімшарт жасасқан кезде келісіледі. Құрметпен, М.Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО.

Национальный научный центр особо опасных инфекций
Алматы қаласы,
Жаһангер көшесі, 14

Сайтқа барлық құқықтары мен мазмұны қорғалған. Сайт AlmatySite.kz желісінде құрылды