ДДСҰ «Global Laboratory Leadership Programme» бағдарламасы бойынша оқыту үшін АҚИҰҒО мамандары іріктеуден өту бойынша» Пресс-релиз

 

М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығының қызметкерлері – Турегелдиева Динара Алимхановна мен Табынов Қайрат Қазыбайұлын ДДСҰ «Global Laboratory Leadership Programme»  (зертхана жетекшілерін/көшбасшыларды жаһандық даярлау) бағдарламасы бойынша оқу үшін іріктеуден өтулерімен құттықтаймыз.

Зертханалардың көшбасшылары/басшылары үшін жаһандық бағдарламаның (GLLP) мақсаты ұлттық зертхана жүйелерін құру, нығайту және қолдау үшін қолда бар және жаңа зертхана жетекшілеріне/басшыларына тәлімгерлік қолдау көрсету және дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Бағдарламаға 9 құзыреттілік, атап айтқанда зертханалар жүйесі, көшбасшылық, басқару, коммуникация, сапа менеджменті жүйесі, биоқауіпсіздік және биоқорғау, аурулардың өршуін эпидқадағалау және тергеу, ТЖ-ға дайындық, жауап әрекеттері және қалпына келтіру, ғылыми зерттеулер кіреді. Бағдарламаның ел ішіндегі валидациясы үшін екі модуль таңдалды: сапа менеджменті жүйесі және биоқауіпсіздік пен биоқорғау. GLLP моделі адамдарды, жануарларды және қоршаған ортаны қорғау жүйелері арасындағы үйлестіруді жақсарту өзара тиімді болатынын және денсаулық сақтау жүйесін нығайтатынын түсіну негізінде пайдаланушыларды «Біртұтас Денсаулық» тәсіліне бағыттайды.  Модель қарым-қатынасты жақсартуға, ынтымақтастықты нығайтуға және адам денсаулығын, жануарлар мен қоршаған ортаны қорғау жүйелерінің синергиясын жақсы білуге көмектесетін көпір салатын, етіп жасалған.

Оқыту біздің мамандарға биоқауіпсіздік саласында озық білім алуға мүмкіндік береді және жалпы денсаулық сақтау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын тұрақты ұлттық зертханалық жүйені құруға ықпал ететін болады.

Национальный научный центр особо опасных инфекций
Алматы қаласы,
Жаһангер көшесі, 14

Сайтқа барлық құқықтары мен мазмұны қорғалған. Сайт AlmatySite.kz желісінде құрылды