Е. Қиясов Алматы қаласындағы ғылыми орталықтардың жұмысымен танысты

Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Алматыға іссапармен барды, ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты жетекші ғылыми орталықтардың филиалдарымен танысты.

Сапар аясында Е.Қиясов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК, “Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” филиалына барды.

СЭСМҒПО мамандары эпидемияға қарсы іс-шара өткізу, халықаралық ынтымақтастық, зертханалық диагностиканы жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқаруда.  Вирустық инфекцияларды бақылау зертханасы COVID-19 диагностикасы бойынша референс-орталық.

Вице-министр референс-зертхана базасында, әсіресе шетелден келген адамдар арасында SARS-COV-2(мутация) жаңа нұсқаларын диагностикалауға бағытталған ПТР-скрининг әдісін енгізуді ұсынды. Сондай-ақ, вирустың мутациясын бақылау және жаңа штаммдарды анықтау мақсатында SARS-COV-2 вирусын толық геномдық зерттеу бойынша жұмысты бастауды тапсырды.

СЭСМҒПО мамандары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қызылшаға, қызамыққа, полиомиелитке, тұмауға, микробқа қарсы төзімділікке эпидемиологиялық қадағалау сияқты бірқатар жаһандық бағдарламасын іске асырады. ДДСҰ, ЮНИСЕФ, ХЭБ, ФАО, МАГАТЭ-мен халықаралық ынтымақтастықтың үлкен тәжірибесі бар. Ғылыми орталықтың мамандары үнемі халықаралық кеңестер мен жұмыс тобына қатысады, бұл тәжірибе эпидемиологиялық қадағалаудың халықаралық ғылыми стратегиясын практикаға енгізуге мүмкіндік береді.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері “Пастер атындағы Санкт-Петербург эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтымен”  COVID-19 антиденелерінің таралуын зерттеу бойынша ынтымақтастық мәселесін пысықтауды тапсырды.

“2020 жылы Сovid-19 эпидемиясы қоғамдық денсаулық сақтау саласында кадр жетіспейтінін анық көрсетті. Осыған байланысты қолда бар кадрларды қайта даярлау қажет. Филиал базасында, халықаралық ұйымдардың қолдауымен зертхана мамандарын, сондай-ақ жедел санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшелерін оқытуға  назар аудара отырып, тренингтік орталық ұйымдастыру қажет”, — деді Е.Қиясов.

Бұдан басқа, Вице-министр ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жанындағы ұлттық сараптама орталығының құрылымдық бөлімшесі және зертханалық зерттеулер мен санитарлық–эпидемиологиялық сараптама жүргізетін ұлттық сараптама орталығының Алматы қаласы бойынша филиалында болды.

Филиал құрамында 5 бейінді зертхана және жоғары технологиялық зертхана бар.

Covid-19 бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу шеңберінде филиалдың вирусологиялық зертханасы, онда зертхана мамандарының 3 бригадасы және 11 мобильді көшпелі бригада бар, тәулік бойы жұмыс істейді. 2020 жылы ПТР әдісімен 147 407 зерттеу жүргізілді, 4 653 індет анықталды (3,2%), 2021 жылдың 2 айында – 60904 зерттеу, оның ішінде 1373 ауру анықталды.

Қазір филиал отбасында науқаспен байланыста болған адамдардан, әуе рейстермен келген жолаушылардан сынама алуды, сондай-ақ алдын алу мақсатында ұйымдастырылған ұжымдардан сынама алуда. 2021 жылдың 2 айында 3011 үйден 10723 сынама алынды және филиал зертханасына жеткізілді, оның  8,6% індет анықталды, әуе рейстердегі жолаушылардан – 12140 сынама алынды.

Сондай-ақ, Вице-министр ҚР ДСМ “М.Айқымбаев атынағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы” ШЖҚ РМК жұмысымен танысты. Кездесуге қатысушылар орталықтың және оның 9 филиалының Сovid-19-ға қарсы күрес жағдайында даму перспективаларын, аса қауіпті инфекциялардың профилактикасы мен мониторингі бойынша ғылыми зерттеулерді тереңдетуді, биоқауіпсіздікті қамтамасыз етуді, иммундық-биологиялық препараттардың отандық өндірісін құруды талқылады.

Е.Қиясов филиалдың қажетті заманауи жабдықтармен жарақтандырылуын, штаттың білікті мамандармен жасақталуын атап өтті, бұл мемлекеттік тапсырыстың жоспарланған көлемін орындауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, проблемалық мәселелер де бар, оның ішінде материалдық-техникалық базаны жақсарту, зерттеудің жаңа әдістерін енгізу, зертханалық ақпараттық жүйені жетілдіру қажеттілігі де бар. Сапар қорытындысы бойынша филиал басшылығына қысқа мерзімде шешу қажет болатын бірқатар міндеттер қойылды.

“2020 жылы АҚИҰҒО зертханасының орталық референті еліміздің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі маңыздылығына көз жеткіздік. Қазақстандық ғалымдар мен ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының филиалы Сovid-19 диагностикалық праймерлерін синтездеді”, — деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

2020 жылдың мамыр айынан бастап Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен ынтымақтастықта жаңа технологияларға негізделген COVID-19-ға қарсы 2 вакцина әзірленді: біреуі бұлшықет ішіне енгізуге арналған инновациялық майлы адъювант негізіндегі суббірлікті, ал екіншісі мұрын ішіне енгізуге арналған нановакцина. Бүгінгі таңда вакциналардың қауіпсіздігі, иммуногенділігі және тиімділігі бойынша сынақтар толығымен аяқталды. Жақын арада әзірленіп жатқан вакциналарды клиникаға дейінгі зерттеуді аяқтайтын сынақтар жоспарланып отыр.

“Әлемде өзге де вакциналар шығарылғанына қарамастан, отандық зерттеулер жаңа вакциналарға технологиялық платформа әзірлеуге мүмкіндік береді”, — деп есептейді Вице-министр.

Е.Қиясов жұқпалы ауруларды, соның ішінде COVID-19 індетін жедел жоюға бағытталған мобильді зертханалармен танысты. Автозертханалар АҚИҰҒО филиалдарында орналасады және санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайда Қазақстанның кез келгенжеріне жіберілуі мүмкін.

Жалпы, сапар барысында білім, ғылым және практиканы одан әрі дамыту, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерінің тиімді трансферті, аса қауіпті инфекциялармен жұмыс істейтін зертханаларға әдістемелік қолдау мәселелері талқыланды.

Национальный научный центр особо опасных инфекций
Алматы қаласы,
Жаһангер көшесі, 14

Сайтқа барлық құқықтары мен мазмұны қорғалған. Сайт AlmatySite.kz желісінде құрылды