Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Респуб-ликасы Денсаулық министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі – Кәсіпорын) қаржы – экономикалық даму басқармасының бас бухгалтері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу орны: Алматы  қаласы, Түрксіб ауданы, Жахангер көшесі, 14 үй, анықтама телефоны +7(727) 223-38-21.

Кәсіпорынның орналасқан жері: Алматы  қаласы, Түрксіб ауданы, Жахангер көшесі, 14 үй.

 

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

 

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиология-лық саламаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

 

 Конкурсқа қатысушылар келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:

 

кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

 

қаржы-бухгалтерлік жұмыс саласындағы, оның ішінде басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес.

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 Желтоқсанда № 22003 тіркелген «басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

Конкурсқа қатысуға мына тұлғалар жіберілмейді:

  • бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1)  конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)  мемлекеттік және орыс тілдеріндегі резюме;

3)  еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4)  жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі;

5)  лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

6)  еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7)  ғылыми дәреже мен атақ беру туралы құжаттардың көшірмелері;

8)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (086/е н.);

9) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

10) 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет.

 

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

 

Құжаттарды рекрутингтік порталдарда және Кәсіпорынның интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға тапсыру қажет: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Жахангер көшесі, 14 үй, ҚР ДСМ «М.Айқымбаев ат. аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК.

Анықтама үшін телефоны:  +7 (7272) 23-38-21 (ішкі 110).

 

Конкурсқа жіберілген кандидаттар Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Жахангер көшесі, 14 үй мекек-жайы  ҚР ДСМ «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК әңгімелесуден өтеді.

 

 

Национальный научный центр особо опасных инфекций
Алматы қаласы,
Жаһангер көшесі, 14

Сайтқа барлық құқықтары мен мазмұны қорғалған. Сайт AlmatySite.kz желісінде құрылды