ХАБАРЛАНДЫРУ ҚР ДСМ «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК «Атырау обаға қарсы күрес станциясы» филиалының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу бойынша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) ҚР ДСМ «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы»  «Атырау обаға қарсы станциясы» филиалының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу орны: Алматы  қаласы, Түрксіб ауданы, Жахангер көшесі, 14 үй, анықтама телефоны +7(727) 223-38-21.

Кәсіпорын Филиалының орналасқан жері: Атырау қаласы, Керей Хан көшесі, 1.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:

  • Жоғары медициналық/биологиялық білімінің медицина саласындағы жоғары білім (санитариялық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру үшін);
  • экономика/ қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру екінші жоғары білімінің болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы»;

Басшылық лауазымда кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

немесе

экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білім және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы»;

басшылық лауазымда кем дегенде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қа-рашадағы № 791 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымының біліктілік сипаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысуға мыналар қабылданбайды:

  • бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  • конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылданбайды;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1)  конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)  мемлекеттік және орыс тілдеріндегі резюме;

3)  еркін түрде жазылған өмірбаян;

4)  жеке куәлігі немесе төлқұжатының көшірмесі;

5)  лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

6)  еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7)  ғылыми дәрежесі мен атағы берілгені туралы құжаттарының көшірмелері;

8)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (086/е н.);

9)   соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

10) 3х4 көлемімен екі фотосурет.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Құжаттар, АҚИҰҒО интернет-ресурсында, сондай-ақ рекрутингтік портал-дарда  конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Алматы  қаласы, Түрксіб ауданы, Жахангер көшесі, 14 үй. Анықтама үшін телефоны:  +7 (7272) 23-38-21 (ішкі 109).

Конкурсқа жіберілген кандидаттар ҚР ДСМ «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК әңгімелесуден өтеді.

 

 

Национальный научный центр особо опасных инфекций
Алматы қаласы,
Жаһангер көшесі, 14

Сайтқа барлық құқықтары мен мазмұны қорғалған. Сайт AlmatySite.kz желісінде құрылды