ҚР ДСМ «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» филиалы директорының әкімшілік-шаруашылық жұмыс және маркетинг жөніндегі орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Респуб-ликасы Денсаулық министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі – Кәсіпорын) «Шымкент обаға қарсы күрес станциясы» филиалы директорының әкімшілік-шаруашылық жұмыс және маркетинг жөніндегі орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу орны: Алматы  қаласы, Түрксіб ауданы, Жахангер көшесі, 14 үй, анықтама телефоны +7(727) 223-38-21.

Кәсіпорын Филиалының орналасқан жері: Түркестан облысы, Шымкент қаласы,Аль-Фарабий ауданы, Мухамед Хайдар Дулати көшесі, 114-үй.

.

 

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

 

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиология-лық саламаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

 

 Конкурсқа қатысушылар келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:

 

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) («Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша мамандандырылған экономикалық немесе медициналық) білім;

 

және/немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті» немесе «Менеджмент» мамандықтары бойынша, МВА кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесінің болуы;

 

денсаулық сақтау ұйымында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 19 жел-тоқсандағы «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипат-тамаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы-ның 2009 жылғы 26 қарашадағы № 791 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № ДСМ-43 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау қызметкер-лері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына сәйкес Қазақстан Республика-сының нормативтік құқықтық актілерін білу (ҚР ӘМ  26.12.2018, № 18043 тірк.).

 

Конкурсқа қатысуға мына тұлғалар жіберілмейді:

  • бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1)  конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)  мемлекеттік және орыс тілдеріндегі резюме;

3)  еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4)  жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі;

5)  лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

6)  еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7)  ғылыми дәреже мен атақ беру туралы құжаттардың көшірмелері;

8)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (086/е н.);

9) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

10) 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет.

 

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

 

Құжаттар рекрутингтік порталдарда және интернет-ресурстарда хабарлан-дыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Жахангер көшесі, 14-үй, ҚР ДСМ «М.Айқымбаев ат. аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК мекенжайына ұсынылуы тиіс. Анықтама үшін телефон:  +7 (7272) 23-38-21 (ішкі 110).

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа»деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні – конкурс өткізу туралы хабарландыруды Кәсіпорынның интернет-ресурсында және рекрутингтік порталдарда орналастыру күні.

Конкурсты өткізу күні-конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.

Кандидаттың конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК-да әңгімелесу жүргізіледі.

 

Национальный научный центр особо опасных инфекций
Алматы қаласы,
Жаһангер көшесі, 14

Сайтқа барлық құқықтары мен мазмұны қорғалған. Сайт AlmatySite.kz желісінде құрылды